
Үндістандық Кайлаш Сиң деген кісі 35 жыл бойы ешбір жуынбаған. Неліктен...
Үндістандағы киелі қала Варанаси жанындағы Чатав ауылында тұратын 63 жастағы Кайлаш Сиң өміріне риза емес көрінеді. Тұяғын жалғастырар бір ұлдың болуын аңсаған Кайлаш Сиңнің 7 қызы бар екен. Осы себептен Тәңіріден сый күткен әке 35 жыл бойына еш жуынбапты.
Егер ер адам жуынбаса ұлды болады екен. Бұл сөзді Кайлаш Сиңге бір көріпкел, болжауыш адам айтқан. Сиң 35 жыл бойы жуынбастан әлі күнге сабырмен күтіп келеді.
Үндістан газеті Hindustan Timesтын хабарлауынша Сиң бактериялар мен микроптардан қорғану үшін кешкісін үйінде от жағып, денесін отқа қақтап, қыздырынады екен.
Аталмыш газеттің жазуынша, алғашында Сиң үндістер үшін қасиетті саналатын Ганг озеніне шомылып тұрған. Бірақ 5жылдан бері бір үйде тұрған ағасы қайтыс болғаннан кейін, көлге түсуден бас тартқан. Сиң жеміс-жидек сататын шағын дүкенін де жабуға мәжүр болыпты. Себебі үстінен өте қатты жағымсыз иіс шығатын болғандықтан, базардағы адамдар сауда жасамақ түгіл онымен сөйлесуден де бас тартқан екен...
Комментариев нет:
Отправить комментарий