воскресенье, 1 ноября 2009 г.

Бергүзар Гөкче Корел


Қазақстан ұлттық арнасында қазір «Мың бір түн» телетоптамасы жүріп жатқаны белгілі. Басты рөлді сомдаған Бергүзар Гөкче Корел (Шеһризат) туралы оқырмандарға қысқаша мәлімет бере кетуді жөн көрдік.
Бергүзар Корел – 1982 жылдың 2-ші қыркүйегінде өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі Танжи Корел мен анасы Хулия Дарджан Түркиядағы беделді әрі атақты актерлер. Бергүзардың өнерді таңдауына ата-анасының ықпалы әсер еткен. Бергүзар орта білімді тәмамдап, Мимар Синай атындағы университеттің «театр» бөлімін бітірген. Университет қабырғасында оқып жүргенде-ақ алғашқы тәжірибесін «Сиқырлы кілт» киноагенттігінде бастаған жас актрисаны ата-анасы да жан-жақты қолдап отырған. Көзі қарақты көрерменге белгілі «Үлкен өтірік» телетоптамасында Рүксан ханым рөлін сомдаған актриса Хуля Даржан Бергүзардын өмірдегі анасы. 2005 жылы «Зәйтүн талы» оның алғашқы ойнаған серилы. Режиссер Құдірет Сабанжының «Мың бір түн» телесериалында Халит Ергенчпен бірге түсіп, ондағы кейіпкер ШеҺризаттын ролін өте сәтті сомдап шыққан еңбегімен біздің Қазақстандық көрермендерге де етене танымал. Бергүзардын мұнымен қатар жүргізушілік қабілеті де жоқ емес. Бергүзар Корел: «Шеһризат рөлі мені сабырлы, салқынқанды етіп көрсетті. Ал шын мәнінде мен өте әзілқой адаммын» дейді. Бір қызығы сериалдағы қос ғашықтар Шеһризат пен Онур Аксал шынайы өмірде де жұптары жазылмас жандар болып шықты. Түсірілімнін соңы үлкен махаббатқа ұласқан Бергүзар Корел мен Халит Ергенч 7-ші тамыз күні Станбулда некелесу тойларын жасады. Жарасымды жұптар өткен өмірлерінде басқа некеде болған. Халит Ергенчтің алдыңғы некедегі әйелі Гизем Сойсал араларындағы байланысты біліп қойған соң ішіндегі нәрестесін жасанды түсік жасатып алдыртқан көрінеді.Бергүзар да американдық түрік жігітпен некеде болған. Сериалдағы Банудың(Джейда Девенчи) үйлену тойынан кейін өзара қарым-қатынастарын жасыруды қаламаған ғашықтар некелесу тойларын 7тамызда өткізетіндіктерін жариялаған. Бүгінде сүйіктісінің аяғы ауыр екенін Халит Ергенч зор қуанышпен жеткізді. Ия, Бергүзардын ішіндегі нәрестесі бес жарым айлық екен. Жас жұбайлар өздерін өте бақытты сезінеді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий