вторник, 10 ноября 2009 г.


Медиа Мектеп түлектері

Медиа-Мектепке кезекті, мерейтойлы 10 топтың қабылдануының аясында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор негізгі топ, қазақ және орыстілді бөлімдеріндегі арнайы курстың студенттері мен бітірушілеріне арнап шәкіртақы тағайындады.
2 айлық мерзімді шәкіртақы ең үздік журналисттік зерттеудің, мақалалар немесе телерепортаждар топтамасының жобасын дайындаған 10 студентке беріледі. Шәкіртақы сомасы айына 30 000 теңгені құрайды. Келесі 2 айдың ішінде студенттер өз жобаларымен жұмыс жасайтын болады. Комиссия алдында қорғау 2 қарашада өткен болатын. 7-8ші қараша күндері жобаға қатысқан түлектерге Алматыдағы Алатау санаториінде екі күндік тренинг-сабақ болып өтті. Болашақ журналистерге MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Вячеслав Абрамов, Қазақстандағы IWPR өкілдігінің директоры Ольга Досыбиева, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директорының орынбасары Игорь Братцев сынды кәсіби тренерлер дәріс өткізді. Аталған тренингте дәріс берушілер журналистиканың қыр-сыры жайлы құнды ақпараттар мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Әлия Мусина мен Қазақстан мен Орта Азия бойынша Қордың аймақтық өкілі Др. Грегор Риссель тренинг тыңдаушыларға сәттілік тілеп, жоба жеңімпаздарына арнайы сертификат табыстады. Тренингке қатысушылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалардың жиі болып тұруын сұрап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Бір әттегенайы дәрістің тек ресми тілде өткендігі болды.
Медиа мектеп – MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жанынан құрылған, Қазақстандағы тәуелсіз, жалғыз болашақ журналистерді дайындайтын коммерциялық емес мекеме. Аталған мектеп 2005 жылдың 16 ақпаннан бастап Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен жемісті жұмыс жасап келеді.




Конрад Аденауэр атындағы Қордың өкілдері Ә.Мусина мен Др. Грегор Риссель

3 комментария:

  1. Блогыңнан енді үнемі осындай қызықты хабарлар оқып тұратын боламын деп үміттенемін. Жазбаңа рахмет. Алдағы уақытта қазақ тілінде де өтер :)

    ОтветитьУдалить
  2. Ал сіздің жобаңыз қандай болды, не жайында? Блогыңыздан басқа да қызықты жазбалар күтеміз! :)

    ОтветитьУдалить
  3. Инш мен де үміттімін. Пікір қалдырғандарыңзға көптен -көп рахмет! Менін жобам Байқоңыр ғарыш айлағы және гептиль туралы болды.

    ОтветитьУдалить